НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынында төрт жұмысшы қайтыс болды. Қайғылы оқиға туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. 4 адам оқиға болған жерде көз жұмды. Біреуі ауруханаға жеткізілді.
"Қазір апат болған жерде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, өндірістік қауіпсіздік мамандары жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Қасымбек.
Сонымен қатар комбинаттың басшылығы мен өзге де жауапты тұлғалар оқиға болған жерде жүр.
"Қайтыс болған жандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын", - деді облыс әкімі.