Ақтөбеде 12 жастағы баланың мәйіті табылды

Алдын ала болжам бойынша баланы жануар талап тастаған болуы мүмкін
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Атырау қаласындағы Есет батыр тұрғын алабында жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 12 жасар баланың денесі 3-шағын аудан аумағында орналасқан құрылыс нысандарының аумағында жатқан.
"Бала көп қан жоғалтқан. Бас, дене, қол мен аяқтың көптеген жарақаты бар. Зорлықпен өлтіргені көрініп тұр", - дейді полицейлер.
Алдын ала болжам бойынша баланы жануар талап тастаған болуы мүмкін. Қазіргі кезде сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Алматы облысында 9 жасар баланы бұралқы ит талап тастады