РИА Новости хабарлауынша, Мариупольдегі порт жұмысын қайта жандандырды. Әскери іс-қимылдан қатты зардап шеккен қаланы қалпына келтіруге Ресей, соның ішінде төтенше жағдайлар министрлігі бар күшін салып жатыр. Азат етілген Запорожье облысының уақытша астанасы Мелитополь мектептері жаңа оқу жылынан бастап орыс тіліне және бес балдық жүйеге көшеді.
Ресей күні, 12 маусымда бұл өңірдің тұрғындарына Ресей Федерациясының азаматтары төлқұжаты табысталады.
Сергей Шойгу Ресей, Донбасс, Украина және Қырым арасындағы теміржол қатынасының қалпына келтірілгенін хабарлады. Министр Мариуполь, Бердянск және Херсонға жүктерді жеткізудің басталғанын мәлімдеді. Азат етілген аумақтардың рубль аймағына және ресейлік ұялы байланыс пен интернетке қосылғаны туралы бұрыннан белгілі.
Ресейдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің ДХР мен ЛХР, Херсонға, Мелитопольге сапарлары үйреншікті жағдайға айналды. Әскери-азаматтық әкімшілік Запорожье облысының Ресейге кіруі бойынша референдум өткізуге дайындықты бастады.
"Бұл күн сайын артып жатқан үздіксіз ақпараттар легінің шағын бір бөлігі ғана. Мұның барлығы Ресейдің көмектеуге, қайта тұрғызуға, қалпына келтіруге, дамытуға деген құлшынысын аңғартады. Дегенмен бұл жағдадың көзге түсе бермейтін, бірақ, маңыздылығы еш кем емес тағы тұсы бар", - деп жазды мақала авторы.
Қазір әлемдік жүйенің терең трансформациясының қауіпті кезеңі өтіп жатыр. Сексен жылға жуық уақыт бойы адамзат өркениеті үшін негізгі болып саналатын процестер тоқтап, ұйымдар құлдырап жатыр. Жүйелік дағдарыс бара-бара көп саланы қамтып, әлемнің болашағы туралы болжамдар үрейлі бола бастады.
Ресеймен аса тату емес мемлекеттер де қазіргі қиын жағдайға қарамастан, Ресей табандылық танытып, осы кезеңді жай өткеріп қана қоймай, өзін жаһандық жеңімпаз ретінде таныту мүмкіндіктерін паш етіп жатқанын айтты.
Бұл азат етілген аймақтарда жүріп жатқан процестерге тікелей байланысты екені туралы болжам бар.
Бірполярлы әлем ескіргені, жаһанық жүйе дағдарысқа ұшырағаны, АҚШ пен бүтіндей Батыс әлемі үстемдік етуді асыра пайдаланып жатқаны, сондықтан қазіргі шынайы жағдайға сай келетін жаңашылдық қажет екені туралы көп жылдан бері айтылып келеді. Жаңа жүйе құры үшін ескіні қирату керек екені анық. Бірақ қирату да ауқымды ресурс пен күшті қажет ететіні туралы көбіне ойлана бермейді.
Соңғы жылдары АҚШ пен Еуропа "ережелерге негізделген әлем тәртібін" қирату бойынша деструктивті әрекеттерге Ресейді айыптауды әдетке айналдырған. Ал анығында Ресей ешқашан бұл қиратуға ресурс жұмсаған емес. Жиырма жылдан астам уақыт бұрын ол тұрақтап қалған әлемдік жүйемен текетірессіз жаңаны құруға бағдар алды.
Ал ескінің құлдырауы өршіген сайын жаңа құрылым мен процестердің ықпалы мен күші ұлғая түсті. Мысалы, Ресейдің бастамасымен құрылған БРИКС, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да көптеген ұйымға әлем оң көзқарас танытпай келгенімен, ақырында олар шынымен жұмыс істейтін әрі ықпалды күш екенін дәлелдеді.
"Ескі жүйенің құлдырауына Батыстың ықпалы зор болды. Мұны, әсіресе, санкциялар легі еш күмәнсіз айқындап тұр. Жаңа мен ескі мүлде қақтығыспауы мүмкін емес. Украинадағы арнайы әскери операция осы қос тараптың қақтығысына айналды. Еуропа мен АҚШ бірлесіп Киев режимінің әрекетімен Украинаны құлдыратып жатқан шақта Ресей азат етілген аймақтарды қайта түлетуге күш салып жатыр. Кімнің стратегиясы тиімдірек екенін уақыт көрсетеді", - деп жазды автор.