Қоғам

Тоқаев Қазақстанға "орташа табыс тұзағынан" шығуға не көмектесетінін айтты

Қазақстан шынымен еркін нарық пен бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған жаңа экономикалық бағдарды жүзеге асырып жатыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар экономикалық өзгерістермен қатар жүруі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы халықаралық ахуалдың шиеленіскен жағдайында өтіп жатқанын атап өтті.
"Жаһандық логистикалық тізбектердің үзілуі, сауда соғысы, бұрын-соңғы инфляциялық қысым – мұның бәрі қазіргі күннің объективті шынайылығы. Мұндай жағдайда мемлекет пен бизнеске ойынның жаңа ережелеріне тез бейімделуге тура келеді. Тек солай ғана біз бәсекеге қабілеттілікті сақтап қала аламыз", - деді Тоқаев астанада өтіп жатқан шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.
Мемлекет басшысы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанын мәлімдеді. Елде демократиялық реформалардың ауқымды бағдарламасы жүзеге асып келеді.
Президент жуырда Қазақстанда жалпыхалықтық референдум өткенін еске салды. Оның қорытындысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен түзетулер қабылданды.
"Біз елде жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар кешенді экономикалық өзгерістер қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. Дәл осы жол ғана бізге орташа табыс тұзағынан шығып, дамудың келесі деңгейіне өтуге мүмкіндік береді", - деді Тоқаев.
Сол себепті, оның айтуынша, Қазақстан шынымен еркін нарық пен бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған жаңа экономикалық бағдарды жүзеге асырып жатыр.
Орташа табыс тұзағы дегеніміз – мемлекет табыстың белгілі бір деңгейіне жетіп, сол деңгейде қалып қоятын экономикалық жағдай. Бұл ретте мемлекет дамыған деп саналмайды, бірақ "дамымаған" елдер қатарына да жатпайды.