НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Жандос Өмірәлиев Қазақстан бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Жәнібекұлы Өмірәлиев Қазақстан Республикасы бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ерлік Кененбаев бас прокурордың орынбасары лауазымынан босатылды.
Жандос Өмірәлиев 1978 жылы туған, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы аудан прокурорының көмекшісі болып бастаған.
2010-2011 жылдары бас прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің хатшысы болды.
2011-2017 жылдары Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары – Бас прокуратураның кадрларды дамыту басқармасының бастығы.
Бас прокурордың орынбасары болып тағайындалғанға дейін Батыс Қазақстан облысының прокуроры болды.