Өңірлер

TikTok түсірмек болған жігіт Каспийге батып кетті - соңғы видеосы жарияланды

Бүгін таңертең сүңгуірлер жігіттің денесін алты метр тереңдіктен тапқан болатын
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 маусым — Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары мессенджерлерде студенттің Каспийде түсірген видеосын жариялап, бір-біріне жіберіп жатыр.
Жігіт ұзақ уақыт дайындалып, пирстен суға секіреді. Бұл сәтті болған. Алайда келесі секірген соң ол қайтып су бетіне шықпады, деп хабарлайды "Ақтау-Лада" порталы.
Еске салсақ, 7 маусым күні сағат 16.20 кезінде құтқару қызметіне Ақтау қаласы Самал-2 ықшамауданында теңіз жағалауында бір адамның суға кеткені туралы хабар түскен.
ТЖД мәліметінше, жастар жағалауда TikTok желісіне арнап видео түсіріп жүрген. Үшеуі пирстен теңізге секірген. Екеуі жағаға жүзіп шыққан, үшінші жігіт суға батып кеткен.
Бүгін таңертең сүңгуірлер жігіттің денесін алты метр тереңдіктен тапты.
2004 жылы туған жас жігіт, қала колледждерінің бірінің 1-курс студенті, Бейнеу ауданының тумасы.