Ғалымдар Баум тоғайын сақтап қалу үшін 3000-нан аса ағашты кесуді ұсынды

Биыл ағаш діңдерін зиянкестерден және кеселдерден құтқару мақсатында санитарлық сауықтандыру шараларын жүргізу жоспарланған
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik. Алматы ғалымдары егер қазір зақымданған ағаштарды кеспесе, 10 жыл ішінде Баум тоғайынан айырылып қаламыз деп қорқады.
Экожүйені зерттеу қорытындыларын ботаника және фитоиндустрия институтының аға ғылыми қызметкері, дендролог Инга Бабай, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің директоры, академик Бұлқайыр Мәмбетов айтты.
Баум тоғайындағы құрғақ ағаш
Баум тоғайында барлығы 104 мыңға жуық ағаш өседі. Оның ішінде 3311 ағаш ескі, яғни жарамсыз. Бұл орманның шамамен 3,1%-і.
"Бұл – табиғи процесс. Табиғи ормандарда орта есеппен он жыл ішінде барлық ағаштың шамамен 5-10%-і жарамсыз болып қалады. Алайда бұл жерде жасанды жағдай, сондықтан ағаштарға арнайы мамандардың араласуы қажет. Мәселен, апатты ағаштар зең ауруына шалдыққан. Оларды жақын арада кесіп тастамаса, алдағы он жылда барлық тоғайдан айырылып қалуымыз мүмкін", - деді академик Бұлқайыр Мәмбетов.
Бүгінде 37 187 ағаш қалпына келтіріп, емдеуді қажет етеді. Бұлардың ішінде болмашы зақымданған немесе біржаққа қарай өсіп кеткен ағаштар да бар. Биыл ағаш діңдерін зиянкестерден және кеселдерден құтқару мақсатында санитарлық сауықтандыру шараларын жүргізу жоспарланған. Қураған, апатты жағдайдағы, қурап түскен бұтақтарды жинап, тазалау жүргізіледі. Биыл 500 ағашты санитарлық кесу жоспарланған. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызылады.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің директоры Бұлқайыр Мәмбетов
"Апатты жағдайдағы ағаштар барлық орман алқабында орналасқан. Олардың орнына жаңа ағаштар отырғызу жоспарланған. Бұл тоғай – алматылықтардың сүйікті демалыс орны. Сондықтан қураған ағаштар тоғайға келетіндердің өміріне, әсіресе, жел тұрған кезде өте қауіпті", - деді ботаника және фитоиндустрия институтының аға ғылыми қызметкері, дендролог Инга Бабай.
Алматы әкімдігінде "Медеу" аймақтық табиғи саябағы 9 маусымнан бастап Баум тоғайында 2022 жылы санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу бойынша қоғамдық талқылау ұйымдастыруды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Ботаника және фитоиндустрия институтының аға ғылыми қызметкері, дендролог Инга Бабай
Айта кетері, Баум тоғайы мемлекеттік табиғи ескерткіш болып табылады. Тоғай Алматыдағы Түрксіб ауданының Сейфуллин және Сүйінбай даңғылдары қиылысында теңіз деңгейінен 750 метр биіктікте орналасқан. Аумағы 139,5086 га. Оның шекарасы анық белгіленген: шығысында – темір жол желісі, солтүстігі мен оңтүстігінде – тұрғын үйлер, батысында – Мойка шағын өзені бар.
Баум тоғайы – Алматының ең үлкен жасыл және көне аймағы, 1894 жылы негізі қаланған. Тоғай аумағында ағаштардың 49 түрі өседі, оның ішінде жетеуі қылқанды және қырық екісі жапырақты. Шөптік өсімдіктердің мұнда 120-ға жуық түрі бар. Сонымен қатар бұл жерде қырыққұлақтың бір түрі (споралылар), ал төменгі сатыдағы өсімдіктерден жеті түрлі саңырауқұлақ пен мүк те өседі.
Поврежденное грибковым заболеванием дерево
Алқаптың экожүйелерінде флористикалық және фитоценотикалық әртүрлілік байқалады. Жасыл желектің жалпы саны – 104 429, оның ішінде бұталық – 5081.