НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ұлттық қордың тұжырымдамасында қарастырылмаған бағыттарға 230 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл туралы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова мәлімдеді.
"Президентке Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттерге жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындысы туралы баяндама жасадым. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша шамамен 9 млрд теңгенің қаржылық заң бұзушылық фактісі анықталды. 290 млрд теңгенің 20 жобасында тқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған қызметтерге ақы төлеуге қатысты заң бұз фактілері анықталды", - деді ол.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова президентке Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берген болатын.