Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей наурыздан бері Украинаға 27 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізді

Өткен күндері Донецк Халық Республикасы, Запорожье және Херсон облыстарындағы бейбіт тұрғындарға 265 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ресей наурыз айынан бері Украинаға 27 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жөнелткен.
Бұл туралы Ресейдің Ұлттық қорғанысты басқару орталығының басшысы, генерал-полковник Михаил Мизинцев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"2022 жылдың 2 наурызынан бастап Ресей Федерациясы Украинаға 27 114,7 тонна бірінші кезектегі қажеттілік заттарын, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізіп, 1118 гуманитарлық акцияны жүзеге асырды", - деді ол.
Мизинцевтің айтуынша, қазір Донецк Халық Республикасы, Харьков және Херсон облыстарында төрт гуманитарлық акция өткізіліп жатыр. Оның барысында тұрғындарға 220 тонна бірінші кезектегі қажеттілік заттар мен азық-түлік табысталады.