Қоғам

Қазақстанның іскер әйелдері FCEM дүниежүзілік қауымдастығы құрамына кірді

Әйелдердің іскерлік кеңесі 2015 жылы құрылған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі дүниежүзілік FCEM қауымдастығына кірді.
Ұйым Францияда 1945 жылы құрылған. Оның құрамына 120 елден, бес континенттен 5 миллионнан астам адам енген.
"Іскер әйелдер кеңесі - ең ірі және тез дамып келе жатқан қауымдастықтардың бірі. Қазақстанда бүкіл ел бойынша 1800-ден астам кәсіпкер әйел бар. Сондықтан біздің кеңес Fcem қауымдастығының лайықты мүшесі болады", - деді Қазақстан атынан кеңес төрағасы Лаззат Рамазанова.
Әйелдердің іскерлік кеңесі 2015 жылы құрылды. Бүгінгі таңда 17 облыстық және 163 аудандық орталықта жұмыс істейді.
"Мен Дүниежүзілік FCEM қауымдастығымен серіктестігімізге оптимизммен қараймын. Ол дамып, нығая түсетініне және бірге қолдау көрсете алатынымызға сенімдімін", - деді Лаззат Рамазанова.
Ғаламдық қауымдастық әйелдерге кеңес беру және қолдау мүмкіндігін арттыратыны айтылып отыр.