НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Ол Тоқаевқа Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферттердің пайдаланылуы бойынша жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары жөнінде есеп берді.
Аталған аудит аясында жалпы құны 290 миллиард теңге болатын 20 нысан қамтылған. Сондай-ақ Ұлттық қордан әртүрлі бағытқа бөлінген 2,2 триллион теңге қаржының жұмсалуына талдау жасалған.
Президент Есеп комитетін Жоғары аудиторлық палата ретінде қайта құру мәселелеріне қатысты тапсырма берді.