Білім

Мектептерде ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді

Министр баланың үлгерімі мен тәртібін басқа адамдардың көзінше талқылауды тоқтату керек деп санайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшу керек екенін айтты.

"Барлық мектеп ата-аналар жиналысын өткізудің жаңа форматына көшуі керек. Оларды жинап алып, басқа адамдардың көзінше баланың үлгерімі мен тәртібін талқылаудан арылған жөн. Оның орнына жеке, топтық немесе ұжымдық форматта ұйымдастырған тиімді", - деп мәлімдеді Аймағамбетов аппарат жиналысында.

Министрдің айтуынша, әрбір ата-анаға мұғалімнен өз баласының жетістіктері мен әлсіз тұстары туралы толық ақпарат алатындай жағдай жасау қажет.
"Ол үшін ата-аналармен қарым-қатынасты жаңаша жүргізу маңызды", - деді министр.
Бұған дейін Асхат Аймағамбетов енді ағылшын тілі 1-сыныптан емес, 3-сыныптан бастап оқытылатынын мәлімдеді. Бұл өзгеріс биыл бірінші қыркүйектен бастап енгізіледі деген жоспар бар.
Аймағамбетов ағылшын тіліне қатысты өзгеріс қыркүйектен бастап енгізілетінін айтты