Қоғам

Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ақшаға сатқан

Нұр-Сұлтан қаласындағы мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәліктерін заңсыз берді деген күдікке ілінді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады.
Антикор мәліметінше, №2 мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері мен өзге де тұлғалар жүргізуші куәлігін заңсыз, ешқандай емтихансыз беріп келген. Бұған қоса, автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қойған. Сол үшін жүйелі негізде пара алған.
Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша бірқатар шұғыл тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.