НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Ресейлік сарапшы азаматтардың қай топтарына вакцинация қажет екенін айтты.
Егер денсаулық сақтау органдары тиімді әрекет етсе, онда маймыл шешегі айтарлықтай қауіп төндірмейді. Sputnik радиосына берген сұхбатында медицина ғылымдарының кандидаты, иммунолог Николай Крючков осындай пікірін бөлісті.
"Басқа елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, егер денсаулық сақтау қызметтері дер кезінде әрекет ететін болса, бұл індетті тез арада жою мүмкіндігі бар. Бірақ сақ болу қажет", - деді иммунолог.
Бұл жағдайда қазіргі уақытта анықталған қауіп-қатер топтары үшін шешекке қарсы вакцинация қажет болуы мүмкін.
"Бұл, мысалы, кәсіби қызметіне байланысты осы инфекциямен ауыруы және жұқтыруы мүмкін мамандар: медицина қызметкерлері, шекаралық бақылау, төтенше жағдайлар қызметкерлері", - деді Николай Крючков.
Шешектің таралуын арнайы вакцина жасау арқылы бақылауға болады, дейді сарапшы.
Сондай-ақ, Крючковтың айтуынша, аурудың Батыс Африкада таралуын маймыл шешегімен күресетін препаратсыз жеңу қиынға соғады.
"Онда (Батыс Африкада - Sputnik) соңғы бірнеше жылда жағдай күрт нашарлады. Егер вакцина шешекке қарағанда тиімдірек болса және эндемиялық аймақта вакцинация жүргізілсе, онда инфекцияны бақылауды едәуір жақсартар едік", - деп түйіндеді маман.