НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасында күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 429,41 теңгені құрады.
Шетелдік валюта бір тәулікте 2,37 теңгеге арзандады. 6 маусымда доллар бағамы биржада 0,33 теңгеге түсіп, 431,88 теңге болды.
Рубль бағамы 7,07 теңгені құрады.
Айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 430 теңгеге сатып алып, 434-436 теңгеден сатып жатыр.