Бала күтіміне және жүктілікке байланысты төлемдер өседі

Бала күтімімен айналысатын әйелдер жалақысының көп бөлігін ай сайынғы төлем түрінде алады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жүктілікке және босануға, жұмысынан айырылуына және бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшері артатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтығылына байланысты жұмысынан айырылуына, бір жасқа дейінгі бала күтіміне және жүктілігі мен босануға байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайтуды қарастырып жатырмыз", - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Айтуынша, бұл декретте отырған әйелдерге жалақының көп бөлігін алуға мүмкіндік береді.
Әзірге төлемдердің қазіргі мөлшеріне қанша теңге қосылатыны белгісіз.
Экономика
Бір миллионнан астам жұмысшының жалақысы өседі – тізімге кімдер енді