Оқиға

Алматыда жеңіл көлік әскери КамАЗ-дың астына кіріп кетті

Жол апатынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті, екеуінің де жағдайы – ауыр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Алматыда жеңіл автокөлік әскерилер мінген КамАЗ-бен соқтығысты.
Куәгерлердің айтуынша, батыс бағытта Красногорская көшесімен келе жатқан әскери КамАЗ 70-ші разъездге солға бұрылып жатқан. Осы уақытта батыс бағытта Chery Tiggo кроссовері де келе жатқан. Белгісіз себептерге байланысты, жеңіл көліктің жүргізушісі бар жылдамдықпен КамАЗ-дың астына кіріп кетті. Қатты соққыдан машинаның алдыңғы бөлігінің быт-шыты шыққан.
Жеңіл автокөлік КамАЗ-бен соқтығысты
Куәгерлердің сөзіне сенсек, иномарка жүргізушісі мен жолаушысы мас болған. Екеуі де зардап шекті. Олар ауыр хәлде жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталуда.