Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Запорожье билігі Мелитопольді өңірдің уақытша астанасы деп атады

Облыс орталығы – Запорожье қаласы – әзірше Киев режимінің бақылауында тұр
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Мелитополь қаласы іс жүзінде Запорожье облысының азат етілген бөлігінің уақытша астанасы болып белгіленді, деп хабарлады өңірдің әскери-азаматтық әкімшілігінің бас кеңесінің мүшесі Владимир Рогов.
"Запорожье қаласы азат етілгенге дейін Запорожье облысының уақытша астанасы Мелитополь болып табылады. Біріншіден, бұл ең үлкен қала, екіншіден, логистика жағынан ол тағы екі айтарлықтай үлкен және маңызды қалалар – Бердянск және Энергодар арасында орналасқан", - деді Рогов РИА Новости агенттігіне.
Оның айтуынша, Бердянск облыстың теңіз қақпасы болса, атом электр станциясы орналасқан Энергодар өңірдің негізгі энергетикалық орталығы болып табылады.
Бұған дейін хабарлағандай, Запорожье облысының үштен екі бөлігі украин әскерилерінен босатылып, Ресей армиясының бақылауына өтті.