Фото

Велосипед мінген танымал тұлғалар – фото

Президенттер, премьер-министрлер, ханзадалар мен ханшайымдар, кино жұлдыздары және басқа танымал тұлғалар да велосипед мініп, желге қарсы жүйткігенді ұнатады
Sputnik
Жаз – велосипедпен серуендеуге таптырмас тамаша уақыт. Бұл қарапайым "темір тұлпар" ешқандай шығынды қажет етпейтіні жанар-жағармай бағасының қымбаттауы аясында тіпті өзекті болып отыр.
Саябақ немесе қаладағы тұрғын үй орамдары арасымен велосипедпен серуендеу үшін аз ғана ептілік пен батылдық қана қажет. \
Хичкок, Дали, Саркози, Макрон, Принц Уэльский...
Тағы қандай танымал тұлғалар велосипедпен серуендегенін суреттер топтамасынан көре аласыз.
1 / 18

Калифорнияның бұрынғы губернаторы және америкалық актер Арнольд Шварцнеггер Парижде велосипедпен серуендеу кезінде Эйфель мұнарасының жанында суретке түсіп тұр, 2015 жыл

2 / 18

Британ режиссері Альфред Хичкок Канн халықаралық кинофестиваліне велосипедпен келді, 1972 жыл.

3 / 18

Ұлыбритания ханзадасы Гарри Лондондағы Твикенхем стадионында регбиден Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Лоуренс Даллаглиомен бірге велосипед ұстап тұр. Ханзада Гарри қайырымдылық қорына қаражат жинау үшін Еуропа бойынша 2800 километрдің 1700 километрін велосипедпен жүріп өтті, 2010 жыл.

4 / 18

Америкалық актер және режиссер Кевин Костнер Амстердамдағы көпірдің үстінен велосипедті арқалаған күйі өтіп бара жатыр. Ол кезде актер өзінің "Пошташы" атты фильмін Нидерландыда жарнамалаумен айналысқан, 1998 жылғы 14 ақпан.

5 / 18

Америкалық актриса Кэтрин Хепберн Англияда Джон Хьюстонның "Африка патшайымы" атты фильмін түсіру кезінде велосипедке мініп барады, 1952 жыл.

6 / 18

Франция президенті Эммануэль Макрон (оң жақта) және Дания премьер-министрі Ларс Локке Расмуссен (оң жақта) Копенгагенге саяхат кезінде велосипед теуіп жүр, 2018 ж.

7 / 18

Испан суретшісі Сальвадор Дали өзінің соңғы картиналарын Париждегі көрмеге жеткізу үшін Риволи көшесінде велосипедпен жүріп өтті, 1967 жыл.

8 / 18

Велосипедпен Уэльс ханзадасы Чарльз Тетберидегі демеушілік велошеру кезінде British Asian Trust (BAT) мүшелеріне қосылып, велосипед айдады, Глостершир штаты, 2021 жыл.

9 / 18

Музыкант Фаррелл Уильямс Беверли-Хиллзда өтткен музыкалық кеш қарсаңында велосипедті көтеріп суретке түсті, Калифорния, 2009 жыл.

10 / 18

Франция президенті Николя Саркози Ла-Тест әкімшілік орталығына велосеруенге шықты.

11 / 18

Италия актрисасы Джина Лоллобриджида Париждегі Опера алаңында велосипедпен кетіп барады, 1964 жыл.

12 / 18

Таиландтың тақ мұрагері Маха Вачиралонгкорн (ортада) Бангкокта әкесі король Пхумипон Адульядеттің құрметіне арналған жаппай велошеру кезінде велосипед мініп, алаңға шықты. Таиланд ханзадасы әкесінің 88 жылдығын тойлау аясында "Әкеге арналған велосипед" атты шарада велосипедшілер көшін бастады, 2015 жыл.

13 / 18

Голландия патшайымы Максима Утрехттегі Лейдше-Рейн ауданында өз құрметіне салынған Максима Парк саябағының ашылуына велосипедпен келді, 2013 жыл.

14 / 18

Венесуэла президенті Уго Чавес Фриас (сол жақта) Азияға сапар аясында Бейжіңде велосипедке мінді, 1999 жыл.

15 / 18

АҚШ президенті Джордж Буш Белтсвиллдегі (Мэриленд штаты) құпия қызметтің оқу-жаттығу орталығында тау велосипедімен бірге суретке түсіп тұр, 2007 жыл.

16 / 18

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мен Коста-Рика сыртқы істер министрі Мануэль Гонсалес Сан-Хоседегі сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтеріне қарай велосипедпен бара жатыр, 2014 жыл.

17 / 18

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Лондонның орталығындағы Вестминстерде велосипедпен кетіп барады.

18 / 18

Франция президентінің әйелі Брижит Макрон Францияның солтүстігіндегі Ле-Тукеде велосипедпен жүріп өтті, 2017 жыл.