НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Таза ауа ағзаның тағамды сіңіруіне қатты әсер етпейді. Бұл туралы Sputnik радиосына берген сұхбатында диетолог, ұлттық диетологтар мен нутрициологтар қауымдастығының мүшесі Наталья Круглова айтты.
Сонымен қатар, таза ауада, тіпті әдеттегі тағам да дәмді болып көрінеді.
"Көшеде ағза көбірек оттегін алады, сәйкесінше мидың барлық бөлігі, соның ішінде тәбет үшін жауап беретін бөлігі де белсенді бола түседі", - деп түсіндірді ол.
Дәрігердің айтуынша, кейде оттегінің мөлшері дәмнің субъективті қабылдауына әсер етеді, сондықтан тамақ дәмді болып көрінуі мүмкін.
Алайда кейде гигиена сақталмаса, таза ауада тамақтану қауіпті болуы мүмкін, дейді дәрігер.
"Қаладан шыққан кезде қарапайым нәрселерді ұмытпау керек: көкөністерді, жемістерді жуу, пісірілген ет үшін шикі ет астындағы ыдыстарды пайдаланбау және т.б. Абай болу керек", - деп қорытындылады Круглова.