Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей әскері Святогорск қаласын толық алуға дайындалып жатыр

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков Донецк облысындағы Святогорск қаласы үшін шайқастың барысы туралы айтты.
Оның мәліметінше, Ресей армиясы соңғы кезеңге өткен.
Ол сондай-ақ украин әскерінің қаладан шегінгенін айтты. Украина қарулы күштері Святогорск қаласынан шегініп кетуіне жол бермеу үшін бөгеуші жасақтар Северский Донец өзені арқылы өтетін көпірді жарып жіберген.
"Ресей бөлімшелерінің шабуылы кезінде Украина Қарулы күштерінің 95-ші десанттық-шабуылдау бригадасы мен 81-ші жеке аэроұтқыр бригадасы батальондарының сарбаздары қару-жарақ пен әскери техниканы тастап, жағалау бойымен шашырап кетті", - деді генерал.
Оның айтуынша, 80-ге жуық украиналық сарбаз өзенді жүзіп өткен, оларға оқ атылмаған.
Конашенков бұл әрекетті қорғаныс министрлігі "жалғыз дұрыс әрекет" деп санайтынын атап өтті.
Ол сондай-ақ Украинаның барлық әскериі мен аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің мүшелерін өмірін сақтап қалу үшін қарсылық көрсетуді тоқтатуға шақырды.
Ресей Қарулы күштері өз еркімен қаруын тастағандардың барлығына дұрыс қарап, отбасына оралуына кепілдік береді, деп толықтырды қорғаныс министрлігінің өкілі.