Референдум-2022: ОСК Қазақстан бойынша дауыс беруді қорытындылады

Ел бойынша және одан тыс жерлерде азаматтардың келуі – 7 986 293 адамды немесе 68,06%-і құрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдумды қорытындылады.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың айтуынша, бюллетеньдерді есептеу Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі 10 012 учаскеде аяқталды.
Дауыс беруге құқылы азаматтардың жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. Ал оның ішінде дауыс беруге 7 986 293 адам немесе 68,06%-і қатысты.
18,66% немесе 1 490 475 адам референдумға қарсы дауыс берді. 125 859 бюллетень немесе 1,58% екі жауапты таңдады.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы 2,58% немесе 206 096 бюллетень жарамсыз деп танылғанын атап өтті.
5 маусым күні қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс беретін референдум өтті. Яғни бюллетенде тек бір сұрақ: "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды (барлығы 56 өзгерту енгізіледі) қабылдайсыз ба?".
Сұраққа "иә" не "жоқ" деп жауап беруі керек болды.
Референдум өтті деп есептелу үшін оған қатысушылар тізіміне енгізілген азаматтардың жартысынан көбі қатысуы керек.
Бұл межеге елорда уақытымен 14:00-де жетті. Одан бөлек республикалық референдумға шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.