Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мемлекеттік дума өкілі: арнайы операция аяқталғанша ҰҚШҰ бітімгерлері Донбасқа бармайды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ бітімгерлері Ресейдің арнайы операциясы аяқталанға дейін Украина мен Донбасстың азат етілген аумақтарына бармайды, деп мәлімдеді журналистерге РФ Мемлекеттік Думаның қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов.
"ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің қызметі, ресурсы қажет болатындай жағдай туындауы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Бүгінгі күні мен ондай қажеттілікті көріп тұрған жоқпын және жағдайдың өзі де мүмкіндік бермейді. Арнайы әскери операция жалғасып жатқан шақта ол аймақта бітімгерлік күштері болмайды", - деді Картаполов.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Парламентарий атап өткендей, "қақтығыстан кейінгі кезеңде әртүрлі жағдай пайда болуы мүмкін".