Дауыс берушілердің 77,18 проценті Конституцияға түзетулер енгізуді қолдады

Дауыс беруге келушілер көрсеткіші 68,06%-і құрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Референдумның алдын ала нәтижелері бойынша сайлаушылардың 77,18%-і Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді.
Бұл туралы орталық референдум комиссиясы хабарлады.
Дауыс беруге келушілер көрсеткіші - 68,06%.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер үшін дауыс беруге қатысқандардың жартысынан астамы, оның ішінде облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада кемінде 2/3 бөлігі жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.