НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтарумен айналысатын ведомствоаралық комиссия құрылды.
Комиссияға бас прокурор жетекшілік етеді.
"Бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізеді", - деп хабарлайды Ақорда.
Комиссия жұмысын Тоқаевтың өзі бақылайды.