НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Ресей астанасында жүрген қазақстандықтар Конституцияға түзетулер енгізу бойынша референдумда дауыс беру үшін кезекке тұруға мәжбүр болды. Бұл туралы referendum2022_kz Телеграм-арнасы хабарлады.
"Мәскеуде сайлаушылардың белсенділігі жоғары", - деп жазылған Телеграм-арнасында.
Жалпы Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 52 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесін ашты. Олардың мекен-жайын мына сілтеме арқылы көруге болады.