Әлем

Колумбия президенті 5 күн үйқамаққа алынуы мүмкін

Дукенің өзі сот шешімін "Конституцияға сай емес" деп санайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Колумбияның Ибаге қаласының жоғарғы соты сот шешімін орындамаған ел президенті Иван Дукені бес күнге үйқамаққа алуға шешім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости El Tiempo газетіне сілтеме жасап.
Дуке мен оның кабинеті Лос Невадос ұлттық паркін қорғау және қалпына келтіру шараларын қабылдамаған. Сондықтан осындай шешім қабылданып отыр.
Дукенің өзі сот шешімін "Конституцияға сай емес" деп санайды. Сарапшылардың пікірінше, соттың бұл шешімінің орындалуы екіталай.
Әлем
Франция президентін шапалақпен тартып жіберген ер адам қалай жазаланады – видео