АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО) АҚШ-та қарсыласын нокаутқа жіберіп, сәтті дебют жасады, деп хабарлады Sports.kz сайты.
WBA International титулын иеленген Нұрмағанбет Миннеаполис (Миннесота штаты) қаласында өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Онда ол америкалық Хайнелл Уиллермен (7-1, 6 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек алты раундқа есептелгенімен, екінші раундта Нұрмағанбеттің жеңісімен аяқталды.
Осылайша Нұрмағанбет профи-рингте жетінші жеңіске қол жеткізді. Ал Уиллер мансабында бұл екінші жеңіліс.
Сондай-ақ екінші жеңіл салмақтағы WBA International титулының иегері, қазақстандық боксшы Евгений Павлов мексикалық боксшы Алексис Салидомен кездесу өткізді.
Жекпе-жек алты раундқа есептелген. Алайда екінші раундта қазақстандық боксшы қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Бұл – Павловтың жетінші жеңісі болса, Салидо карьеарасындағы үшінші жеңіліс.
Одан бөлек қазақстандық боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Әбілхан Аманқұлдың да жеңіске қол жеткізген. Абылайхан Жүсіпов қарсыласы Эдгар Рамиресті бірінші раундта, Әбілхан Аманқұл қарсыласы Девонте Макдональдті үшінші раундта нокаутқа жіберген.