НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны мыңға жуықтап қалды.
Індет 30-ға тарта елде тарап кетті. Ауру ошағы Еуропа саналады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Құрлықтағы ең көп дерек Ұлыбритания, Испания мен Португалияда тіркелді. Шешек індеті тез тарап жатқан елдер қатарында АҚШ пен Канада да бар.
Қазақстан маймыл шешегінің дерегі тіркелген жоқ, леп хабарлаған болатын денсаулық сақтау министрлігі.
Десе де денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният азаматтарға Африка елдеріне әзірге саяхаттамауға кеңес берді. Қазақстанда індетті анықтайтын диагностикалық тесттер жасалды.
Маймыл шешегінің негізгі белгісі – денеде бөртпе пайда болады. Бұған қоса, қызу көтеріліп, бас ауырады, әлсіздік сезіледі.