НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. ШҚО полицейлері марихуана өндіретін есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz ү
“Қарасора – 2022” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері Өскемен қаласындағы пәтерлердің бірінде орналасқан марихуана өндіру есірткі зертханасын жойды.
Құқық қорғаушыларға есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 26 жастағы ер адамға қатысты жедел ақпарат түсісімен, дереу іске кіріскен олар пәтердің ішінде ұйымдастырылған “есірткі плантациясын” және кептіріліп дайын тұрған марихуанасы бар бірнеше пакет, сондай-ақ оны қолдануға арналған басқа да құрылғылар табылды.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол қажетті жабдықтарды ғаламтор арқылы ТМД елдерінің сатушыларынан сатып алған.