Аптап ыстық пен жауын-шашын болмауы шаңды немесе құмды дауылға әкелуі мүмкін. Бұл дауылдар шөлге жақын орналасқан қалаларға қалыпты жағдай болып саналатыны анық.
Алайда мұндай дауылдар адамдарға қолайсыздық тудырып қана қоймай, азық-түлік өндірісіне, ауылшаруашылығына үлкен зиян келтіреді. Адамдардың өмірін қамтамасыз ету жүйелеріне жауапты өнеркәсіптік, көлік және тұрмыстық техниканың бұзылуына әкеледі.
Дегенмен табиғаттың бұл тосын мінезінің көрінісі қорқытып қана қоймай,, ауқымы мен қуаты таңғалдырады.
Әлем қалаларындағы шаңды дауылдың әсерлі көрінісін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.