Семей тұрғыны туысының үйін өзінің атына аударып алған

67 жастағы ер адам тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деген сылтаумен қарт әйелдің үйін өзінің атына рәсімдеп алған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында зейнеткерді алдап, үйін өз атына рәсімдеп алды деген күдікпен жәбірленушінің туысы ұсталды, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Осы жылдың 15 мамырында Семей қаласы полиция басқармасының "102" жедел арнасына алаяқтық әрекеттің құрбаны болған 68 жастағы қала тұрғыны жүгінді.
Жәбірленушінің айтуынша, оның 67 жастағы туысы тіркеуге тұру үшін сенімхат жасаймын деген сылтаумен қарт әйелдің үйін өзінің атына рәсімдеп алған. Келтірілген залал шамамен 10 000 000 теңге сомасына бағаланды.
Іздеу іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні
ұстады. Күдіктіден жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі – "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.