Видео

Нұр-Сұлтанда дауыс беру учаскелерінің референдумға дайындығы қандай - видео

Sputnik
Қазақстанда 27 жылдың ішінде Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша бірде-бірде референдум өткізілген жоқ. Осы жолы Ата заңымыздың үштен бір бөлігін түзету ұсынылды. Ал арнайы заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығарылып отыр.
Бірақ қоғам арасында әлі күнге дейін дауыс беру тәртібі мен бюллетендерге қатысты жалған ақпарат тарап жүр. Біреулер тек қазақ тілінде бюллетенді алуға үндесе, енді біреулер кейбір түзетулерді мүлдем сызып тастау қажеттігін айтып отыр. Бірақ дауыс беру парағында Конститцияға енгізілетін өзгерістердің бәрі көрсетілмейді.
Sputnik Қазақстан тілшісі Нұр-Сұлтандағы учаскелердің дайындығын көріп, дауыс беру тәртібімен танысты.
Конституцияға түзету енгізілсе, не өзгереді – Тоқаев жауап берді