Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда референдум күні қоғамдық көлік тегін жүреді

Жолаушылар қала маңына қатынайтын бағдарларда да жол ақысын төлемейді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. 5 маусым, яғни референдум күні елордада қоғамдық көлік тегін жүреді.
"Жолаушылар қала маңына қатынайтын бағдарларда да жол ақысын төлемейді. Автобустар әдеттегідей сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап кәмелетке толмағандар үшін қоғамдық көлікте тегін жүру жүйесі енгізілген. Бұл шешім қала маңында тұратын балаларға да қатысты. Айта кетері, осы уақыт ішінде кәмелетке толмағандар 34 миллионға жуық тегін сапар жасаған.