Өңірлер

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінен қайта шеттетілді

Маңғыстау облысының соты Ниязовтың үйқамақ мерзімі 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзартылғанын мәлімдеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов лауазымдық міндеттерін атқарудан қайта шеттетілді.
Бұл туралы Маңғыстау облысының экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасай отырып inAktau.kz басылымы хабарлады.
"Ғалымжан Ниязов Қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылуына байланысты қызметінен уақытша шеттетілді. 2022 жылғы 27 мамырда соттың осы қаулысы заңды күшіне енді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", - деп түсіндірді ведомство.
Еске салсақ, бұған дейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Ғалымжан Ниязовтың 24 мамырда лауазымдық міндеттерін орындауға кіріскені туралы ақпарат таратқан болатын.
Ал 4 ақпанда Ниязовтың қамауға алынғаны туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.
Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
17 ақпанда сот бұлтартпау шарасын үй қамаққа ауыстырды.
Ниязов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін 2020 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді. Ол сұйытылған газды жеткізуді қадағалады. Бұған дейін Ақтау қаласының әкімі болған.