НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап төмендеді.
Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарлауынша, күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,95 теңгеге төмендеп, 431,95 теңге болды.
Ұлттық банк доллардың 3 маусымдағы ресми бағамын 432,78 теңге деңгейінде белгілеген болатын.
Kurs.kz порталының мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллар орташа есеппен 431,84 теңгеден сатып алынып, 435,82 теңгеден сатылуда. Ал Нұр-Сұлтанда АҚШ валютасы 431,34 теңгеден сатып алынып, 433,96 теңгеден сатылып жатыр.