НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Азаматтық қорғаныс департаментінің мәліметінше, Бразилияның Пернамбуку штатында топырақ көшкінін тудырған нөсер құрбандарының саны 127-ге жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәлімдемеге сәйкес, мйіттер штаттың әкімшілік орталығында Ресифе қаласының маңында табылды. Камаржиби муниципалитетінде көшкін салдарынан қайтыс болған бір әйел хабар-ошарсыз жоғалды. Оны қызметтік иттердің көмегімен іздеу жатыр.
Бұған дейін 120 адам қаза болғаны туралы хабарланған еді.