"Астана Моторс" инвестициялық қор құрылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Компания қазақстандықтарды сақ болуға және мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. Мессенджерлерде Нұрлан Смағұлов пен Мұхтар Жәкішевтің инвестициялық қор құрып жатқаны туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлады "Астана Моторс" компаниясының баспасөз қызметі.
"Біз “Астана Моторс” компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұловтың ақша жинаумен айналыспайтынын және DJA Investment-ке ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз", - делінген хабарламада.
Компания қазақстандықтарды сақ болуға және мұндай жалған ақпараттарға сенбеуге шақырды.
Компания мәліметінше, Нұрлан Смағұловтың жұмысы туралы барлық ақпарат astana-group.kz сайтында жарияланады.