НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Халықаралық биологиялық зерттеулерді бақылау жөніндегі қауымдастық Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар Қырғызстан шекарасына жақын жерде BSL-4 (қауіптіліктің ең жоғары деңгейі) биозертхана құрылысын тоқтатуды сұрап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Үндеу ұйымның әлеуметтік желілердегі парақшаларында жариялаған. Оған сәйкес, Қазақстан басшылығы 2025 жылға қарай Жамбыл облысы Қордай ауданының Гвардейск кентінде биозертхана салмақ. Хатта атап өтілгендей, зертхана жанынан өңірге тән патогенді микроорганизмдердің жергілікті түрлерін сақтаудың ерекше аймағын ұйымдастыру жоспарланған.
"Бұл жағдайда Қырғызстан шекарасына жақын жерде BSL-4 (Biosafety Level 4) деңгейіндегі зертхана пайда болады. Ол жерде жұмыс істейтін патогендерден тек шартты түрде қорғануға болады немесе қорғану мүмкін емес", – делінген хатта.
Сарапшылар Қазақстан биозертханаларына, оның ішінде Жамбыл облысында салынып жатқан зертханаға барып, оның міндеттері мен жоспарланған биологиялық зерттеулер туралы агенттікті хабардар етуді қарастыруды ұсынды.
Саясаттанушы Бақыт Бәкетаев азаматтық қоғам мен Халықаралық биологиялық зерттеулерді бақылау жөніндегі қауымдастықтың ресми үндеуі Қазақстанның Бішкектегі елшілігіне тапсырылғанын хабарлады.