"Солнцепек" огнемет жүйесінің мүмкіндігі қандай

Sputnik
"Солнцепек" ауыр огнемет жүйесі 10 километр қашықтықта классикалық артиллериядан айтарлықтай басым түседі: бір қондырғының жаппай оқ атуы (24 снаряд) төрт шаршы километр аумақты қамти алады. 220 миллиметрлі реактивті термобарийлік оқ-дәрінің (217 килограмм) бас бөлігінде нысанаға дөп тигенде аэрозольді түтін түзу арқылы жарылатын зат бар. Одан соң негізгі заряд арқылы ауқымды жарылыс болады. Эпицентрдегі температура 3000 градус Цельсийге дейін жетеді және қысымның ұлғаюы броньдалған техника, бекініс пен адам күшін талқандай алады.
Броньдалған "Солнцепек" ашық және жабық позициядан әрекет ете алады. Ол өздігінен жер қаза алатын құрылғымен жабдықталған. Жаппай қырып-жою қаруынан қорғаныс жүйесі үш адамнан тұратын экипажды кабинаның герметизациясы арқылы сенімді қорғайды. Экипаж отыратын бөлмедегі ауа шаң-тозаң мен радиоактивті заттардан тазаланады. Яғни, "Солнцепек" ядролық соққы жасалған жағдайда да экипаж денсаулығына ешқандай зиян тигізбей, әскери міндетті орындай алады.
Әскери машинаның салмағы – 44 тонна. Жоғары жылдамдығы – 65 км/сағ, тас жол арқылы жүріс қоры – 550 километр. ТОС-1A тұрақты түрде "Рособоронэкспорт" компаниясы шетелдік тұтынушыларға жеткізетін үздік бес қарудың қатарына кіреді. Посткеңестік кеңістікте "Солнцепек" жүйесі Армения, Әзербайжан және Қазақстан армиясының қару-жарағы қатарына қабылданған. Сонымен қатар Алжир, Сауд Арабиясы және Иракта да осы жүйе бар.