НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қатты жел салдарынан мұнара краны құлады.
Оқиға 1 маусымда Сәтпаев даңғылы, "Спорт" шағын ауданындағы "СтройТрастПроект" ЖШС-не тиесілі құрылыс нысанында болған.
"Жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыс нысандарға зақым келмеді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінеген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.
Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мұнара кранының авариясын тексеру жөніндегі комиссия құрып жатыр.