Экономика

Онлайн-микрокредит беру тәртібі күшейтілді

Қаңтардан бастап микрқаржылық ұйым клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті.
Енді онлайн-микрокредит беру үшін микроқаржылық ұйым мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті:
электрондық цифрлық қолтаңба арқылы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау арқылы;
қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.
Сонымен бірге, 2022 жылғы қаңтардан бастап микроқаржылық ұйым клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті.