НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. БҰҰ Түркияның атауына барлық құжаттарда өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады РИА Новости.
БҰҰ бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің айтуынша, өзгеріс түрік билігі өтінішін берген күні күшіне енді.
"Republic of Turkey (Түрік республикасы) Republic of Türkiye атауына өзгертілді", - деді Дюжаррик.
Елдің қысқа атауы енді Türkiye болады. Бұған дейін Turkey болып келген.