НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым - Sputnik. Ақтауда "Жартасты соқпақ" жобасына ақша бөлініп жатса да, жағдайы көңіл көншітпейді, деп жазады Lada.kz.
Жоба авторы Марат Сүніковтың айтуынша, құрылыс аяқталғаннан кейін нысан жарамды күйде болса да, ашылған сәттен бастап проекциялық жарық жабдығы пайдаланылмаған.
"Бейнебақылау камераларының жартысына жуығы жұмыс істемейді, олар таяныштарды, тақтайларды, басқаларын сындыратын құқықбұзушыларды тоқтатуға тиіс. Екі жыл қатарынан қызмет көрсету үшін қомақты сома бөлінді, бірақ нәтиже қуантарлық емес", - деп санайды жоба авторы.
Жолдағы баспалдақтар бұзылып жатыр
© Photo : Lada.kz порталы
Оның айтуынша, көптеген шам сценарийде қазіргідей жұмыс істейді деп жоспарланған жоқ.
"Лазерлік проекторлар, дыбыстық жабдықтар мүлдем қолданылмайды. Мұның бәрі атмосфера мен визуалды шоу жасауға тиіс еді. Жобаның маңызды құрамдас бөлігі жарықпен безендіру", - дейді автор.
Қалалық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде "Жартасты соқпақ " 2021 жылы тамызда әкімшіліктің балансына берілгенде ақауы болғанын алға тартты.
"Былтыр бөлінген 40 миллион теңге барлық ақауды жоюға жұмсалды. Биыл дәл осынша сома жоба қызметіне жұмсалады. Мердігер ұйымнан апта сайын альпинистер опырылуды болдырмау үшін қауіпті учаскелердегі жарықтарды анықтап жояды", - деді қалалық әкімдіктің ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әнуар Туляков.
Жол маңында шашылып жатқан қоқыс
© Photo : Lada.kz порталы
Оның сөзінше, жолды қалпына келтіру жұмыстары апта сайын жүргізіледі. Лазерлік проекторлар, сәндік жарықтандыру, дыбыстық дизайн және жарықтандыру тіректері бар.
"Қалпына келтіру жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады, бірақ вандализмге байланысты оның нәтижесі көрінбейді. Кейбір адамдар рельстерді, тақталарды, төселген тастарды және басқаларын бояп сындырады. Біреуін қалпына келтірсек, олар екіншісін бұзып жатады. Мұндай бұзушыларды анықтау үшін бейнебақылау камералары біртіндеп қосыла бастады", - дейді ол.
Еске сала кетсек, "Жартасты соқпақ" жағалауы 2019 жылы қыркүйекте ашылған.