Білім

Тоқаев ғылым және білім министрлігін бөлуді ұсынды

Оның бірі тек ғылым және жоғары біліммен айналысады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды.
Оның пікірінше, Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыратын Ұлттық пікір айту жүйесін құру керек.
Президенттің сөзінше, бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетіне серпін береді.
"Ғылыми қызметті үйлестіруді нығайту үшын салалық министрлікті екі ведомстоға бөлу қажет деп есептеймін. Оның бірі тек ғылым және жоғары біліммен айналысады", - деді президент Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдық мерейтойының сессиясында.