НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Рудный балалар үйінің тәрбиешісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Алау" ақпарат порталы.
Жәбірленуші сотталушының ДНҚ-сын жинап, зорлау фактісін дәлелдеп шықты. 1978 жылы туған ер адам қызды зорлады және зорлауға оқталды деп танылды.
Тәрбиеші 23 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.