Fly Arystan Ереванға қайта ұша бастайды

Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым — Sputnik. Қазақстандық Fly Arystan лоукостері Алматыдан Армения астанасы - Ереванға әуе рейсін іске қосады.
Алматы-Ереванның тұрақты авиарейстері 2 маусымнан бастап орындалады. Аптасына екі рет - дүйсенбі және бейсенбі. Билет құны бір жаққа 28 мың теңгеден басталады.
Рейстер әуе компания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А320 типті ұшақпен орындалады. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.
Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты рейстер қайта жанданып отыр.
Қоғам
Air Astana Черногорияға тікелей рейстер ашады