Экономика

Доллар 10 теңгеге қымбаттады

Доллар бағамы 424,62 теңгегені құрады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы сауда нәтижесі бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 9,46 теңгеге көтеріліп, 424,62 теңгегені құрады.
Ұлттық банк бекіткен 1 маусымдағы доллардың ресми бағамы -414,67 теңге болатын.
Kurs.kz мәліметінше, Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 427,64 теңге, сату құны - 433,13 теңге.
Нұр-Сұлтанда доллар орта есеппен 426,32 теңгеден сатып алынып, 430,32 теңгеден сатылып жатыр.