Экономика

Бидай қымбаттап жатыр: нан бағасы өсе ме

Министр Қазақстанда 15 маусымға дейін бидай мен ұнды шығаруға квота енгізілгенін еске салды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев әлемде бидай бағасы өсіп жатқанына қарамастан, Қазақстанда нан қымбаттамайтынына сендірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр бидайдың әлемдік бағасы өсіп жатқанын, бірақ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" астық қорын жинап қойғанын атап өтті.

"Біз қазір әлеуметтік нан үшін өңірлерге арзандатылған бидай жеткізіп жатырмыз. Сондықтан баға тұрақты болады. Нан бағасының өсуіне себеп болған емес, жоқ және болмайды", - деді Қарашөкеев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол Қазақстанда 15 маусымға дейін бидай мен ұнды шығаруға квота енгізілгенін еске салды.
"Сондықтан нарықтағы жағдай тұрақты. Жаңа өнім алғанға дейін қорымыз жеткілікті", - деді министр.
Қоғам
Нанның ешкім күтпеген қаупі анықталды