Қоғам

Бірнеше күн бұрын ұсталған Антикордың жалған қызметкері қамауда отыр

Әлеуметтік желіде өзін Нұрбол Кәрімов деп таныстырған азамат тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео тарауда
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Өзін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстырған азамат қамауға алынды, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Антикордың жалған қызметкері Каспий теңізінің жағалауынан жер телімін беруді талап еткен.
19 мамырда Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан өз атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен Нұрбол Кәрімовтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Кәрімовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды. Сол күні ұсталған күдікті Ақтау қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалған болатын.
Алайда жуықта әлеуметтік желіде өзін Нұрбол Кәрімов деп таныстырған азамат тікелей эфирге шығып, Алматыда жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні ұстады деген видео таратылуда. Агенттік осыған қатысты мәлімедеме жасады.
"Нұрбол Кәрімов 20 мамырдан бастап соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда отыр. Оған қатысты алаяқтық іс-әрекеттер фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу барысында Алматы қаласында лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеудің қосымша фактісі анықталды. Каримов басқа ұқсас қылмыстарды бұрын жасаған болуы мүмкін", - деп хабарлады сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс қиыл агенттігі.